Алматы облысында жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кеткен

Алматы облысында жүргізуші төрт жасөспірімді қағып кеткен
Фото: Видео кадры

Алматы облысы Көксай ауылында жүргізуші алдымен көлікпен соқтығысып, кейін инерциямен тротуарға шығып, төрт жасөспірімді қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жол апаты салдарынан екі жасөспірім жарақат алған.

Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған (соталды тергеу бастаған - еск.). Тергеу аясында процессуалдық шаралар жүргізілген. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты анықтауға, сондай-ақ, заң талаптарына сәйкес түпкілікті шешім қабылдауға бағытталған барлық шара қабылданып жатыр", - деді Алматы облысы ПД өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget