Алматы облысында жолда қауіпті жағдай туғызған жеті жүргізуші ұсталды

Алматы облысында жолда қауіпті жағдай туғызған жеті жүргізуші ұсталды
Фото: Видео кадры

Алматы облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жеті жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, 17 қыркүйекте сағат 15:30 шамасында жеті жүргізуші Алматы қаласы Қалқаман шағынауданындағы үйден шығып, Алматы - Бішкек тасжолымен қозғалған. Кейін Үлкен Алматы айналма жолына шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Маневр жасау, қиылыстардан өту, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзу, жол апаты жағдайын туғызу секілді деректер тіркелген.

Полиция қызметкерлері жеті жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Көліктер арнайы тұраққа қойылды.

"21 қыркүйекте жеті көлік жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып келе жатқан видео жарияланды. Қарасай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жүргізушілерге ӘҚБтК-нің 17 бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Мейрам Әбікеев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget