Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!