Алматы облысында жол апаты болып, салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1 сәуірде сағат 08:00 шамасында Audi 100 көлігінің жүргізушісі, яғни Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 196-шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 1964 жылғы Б. есімді азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Әртүрлі дене жарақаты бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!