Алматы облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы - Көкпек - Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды.
LADA Largus жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашқа соқтығысты. Жол апаты салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға үндеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!