Алматы облысында жол апатына түскен шенеуніктің жағдайы белгілі болды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол апатына түсті. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жол апатынан кейінгі науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланады.

"Ол есін біледі. Белгіленген хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты Алматы маңында болған.

"Төңкеріс-Байсерке тасжолындағы жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына түскені хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!