- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жол...
Алматы облысында жол апатына себепкер болған мектеп автобусының жүргізушісі жазаланды
Алматы облысында жол апатына себепкер болған мектеп автобусының мас жүргізушісі жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мас күйінде балаларды тасымалдап, жол апатына себепкер болған жүргізушіге қатысты шешім шығарды.
5 ақпанда Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылында мектеп автобусы апатқа ұшырады. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан автобустың жол жиегіндегі бағанаға соғылғанын көруге болады. Видеоны түсіріп тұрған адам салонда бір топ бала болғанын және апатқа автобустың мас жүргізушісінің себепкер болғанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
6 ақпанда сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралын мас күйінде басқару") бойынша істі қарады. Сотта оқиғадан ешкім зардап шекпегені, тек көлікке механикалық зақым келгені және электр бетон бағанының иесіне материалдық шығын келгені айтылды.
"Сотталушының кінәсі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен, сотталушының берген түсінігімен және басқа да объектив дәлелдемелермен толық дәлелденді. Сот қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", - деп хабарлады Қарасай әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан