- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жоғары...
Алматы облысында жоғары лауазымды полицей телефонын жоғалтып алған
Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов телефонын жоғалтып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жоғары лауазымды полицей Instagram-парақшасында хабарлады. Оқиға 17 желтоқсанда Қонаев қаласында болған. Полицей телефонын жоғалтқанымен нөмірін қайтадан жасатып алған.
"Өкінішке қарай, контактілер өшіп сақталмаған. Осыған байланысты әлеуметтік желілерді пайдалана отырып сұрарым, байланыс нөмірлерін қалыпқа келтіруге көмектессеңіздер. WhatsApp-нөміріме аты-жөніңізді жаза кетсеңіз. Кеңес: мұндай жағдайларға тап болмас үшін ақпараттың сақтық көшірмесін жасап алыңыз", - дейді Абдрахманов.
Қонаев қаласының полиция департаменті өкілдері бұл іске қатысты пікір білдірді.
"Құрметті Рустам Тұралыұлы, мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан сіздің телефоныңыздың жоғалу дерегі Қонаев қаласының БП ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және қылмыс оқиғасының болмауына байланысты нарядқа есептен шығарылатын болады", - дейді ПБ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина