Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жоғалған туристерді тауып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысының Талғар ауданында 1994 жылы туған екі ер адам тауға көтеріліп, бірақ адасып, өз бетінше таудан түсе алмай қалған.
Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы қараңғы түсіп және ағаштарды құлатқан дауылды желге қарамастан, туристерді Қотырбұлақ шатқалынан тауып, қауіпсіз жерге алып барды.
Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!