- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жоғалған...
Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды 300 адам іздестіріп жатыр
Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алматы облысы полициясының мәліметінше, іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермеген.
Бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Үш жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
"Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпы 300-ге жуық адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізген. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек