- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жоғалған...
Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр
Фото:
Алматы облысы ПД
Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.
"Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек