Алматы облысында жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 14 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-де тіркелген.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстан аумағында болған", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8 болды. MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 25 шақырым.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!