Министрлікте республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден аса қоңырау келіп түскен.
"Алматы облысының аумағында 19 нысанда жарықтар табылды. "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындары жер сілкінісін сезінгені хабарланды.
Жер асты дүмпулерін Орталық Азияның бірқатар республикасының, әсіресе, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның тұрғындары сезінді.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 15.1. MPV магнитудасы - 6.7. Эпицентрдің координаттары 41.22° С. Е. 78.65° ш.б. Алматы - 5 балл, Шымкент - 2 балл" - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!