Алматы облысында магнитудасы 4-ке тең жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 12 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырым қашықтықта, Арасан ауылына жақын маңда болды. Зілзаланың энергетикалық класы – 9.0, тереңдігі – 5 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, 6 қарашада Алматы облысында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 251 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы – 9,4, тереңдігі – 10 шақырым.