Алматы облысында магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды.
Жерасты дүмпулері 5 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.12-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 391 шақырым қашықтықта, Балқаш көлінің шығыс бөлігінде болды. Зілзаланың энергетикалық класы − 9,0, тереңдігі − 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Дереккөз: tengrinews.kz