- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жер...
Алматы облысында жер сілкінді
Алматы облысында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 27 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.36-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 8,8, тереңдігі - 25 шақырым.
Еске сала кетейік, бұған дейін магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісінің Алматыдан 904 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында тіркелгені хабарланған еді. Жерасты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 15.09-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 904 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 15,2, тереңдігі - 150 шақырым. Айта кетейік, Шымкентте - 4 балдық, ал Таразда 3-4 балдық жер сілкінісі сезілді. Ауғанстанда бұл зілзаладан 52, ал көршілес Пәкістанда 214 адам көз жұмды.