Алматы облысында жеке үйден жасырын есірткі зертханасы әшкере болды

Ішкі істер министрлігі жеке үйдегі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы анықталды.

29 жастағы күдікті жеке үйді синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Қажет жабдықтар мен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ, есірткі дайындау процесі интернет арқылы жүргізілген. Тінту кезінде 28 келіден аса α-PVP, 880 литр прекурсор және арнайы жабдықтар тәркіленген.

"Дайын синтетика өндірілген алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!