Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адам өлі табылды

Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адам өлі табылды. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті өкілі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауылдық округі әкімдігінен Райымбек ауданы Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында болған оқиға туралы ақпарат түскен.

"Туыстары жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйітін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді ведомство өкілі.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ, Полиция департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар барған.

ТЖД марқұмдар неден қайтыс болғанын әзірге нақтыламады. Сонымен қатар, БАҚ-та олардың бір отбасының мүшелері екені туралы ақпарат тарады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!