Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде Жамбыл ауданының бір ауылында 12 жастағы қыз зорланғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция күдікті жасөспірімді ұстаған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова