- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жас...
Алматы облысында жас жұбайлар екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
Фото:
© instagram/volontery_almaty_lider.kz
Алматы облысының Жамбыл ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен жас жұбайлар екі айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іздестіру туралы ақпаратты еріктілер Instagram-парақшасында жариялады. 1993 жылы туған Шәкіров Нұрмұхамбет пен 1998 жылы туған Әлмек Әлима 5 наурызда жоғалып кеткен. Ерлі-зайыпты түс ауа сағат 15:00 шамасында Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 96 В мекенжайындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.
Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 701 375 92 91, +7 700 305 05 25 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан