Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болған.
Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.
Бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!