Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Алматы-Бішкек тасжолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Honda Odissei көлігінің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де көз жұмды", - деді полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!