- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жантүршігерлік...
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты.
Оқиға 26 шілде күні сағат 11:00-де болған.
"Алматы-Астана" тас жолының 225-ші шақырымында Toyota Corolla көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді.
"Бұл дерек ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданының полиция бөлімшесіне тіркелді. Қажетті сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр," - деді полиция қызметкері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада автобус жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалғаны туралы хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Алғабек