- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жантүршігерлік...
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Алматы-Кеген-ТЮП автожолының 2-шақырымында болған жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 23 қарашада сағат 15:00 шамасында Toyota автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып, Mitsubishi автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан оқиға орнында Toyota жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы қаза болды. Сонымен қатар, Mitsubishi автокөлігінде болған 4 адам Есік кентінің ауруханасына жеткізілді.
"Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова