Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 5 желтоқсанда Алматы - Көкпек - Көктал - Шонжы тасжолының 80-шақырымында болған.

"Екі жүргізуші, екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Тағы үш жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget