Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үндістандық студенттер қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үндістандық студенттер қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиға 6 қаңтарда болғанын мәлімдеді. Дипломатиялық өкілдік мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған, олардың төртеуі - Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, ал біреуі - турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.

Полиция пікірі

Полиция мәліметінше, Алматы-Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала дерек бойынша Toyota Alphard көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, тағы үш адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!