- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жантүршігерлік...
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды: ер адам мопедті балаларымен айдаған
Алматы облысында балаларымен мопед тізгіндеген ер адам дуалға соғылып, қызы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік апаттың видеосы пайда болды. Кадрда алдында балалары бар ер адамның мопед жүргізіп келе жатқанын көруге болады. Жылдамдықпен ол темір қоршауға соғылады. Куәгерлердің айтуынша, мопедте жүргізушіден басқа үш бала болған: екі ұл және бір қыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы облысының полицейлерінің айтуынша, 2 шілде күні сағат 21:00 шамасында Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылында көшелердің бірінде мопед айдап келе жатқан 1981 жылы туған жүргізуші рөлді басқара алмай қалған және ғимараттың қоршауына соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2017 жылы туған қызы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Алайда, кішкентай қыз есін жимастан қайтыс болды", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" деген тармақ бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың алғашқы бес айында Алматыда полицейлер 5 мыңға жуық мопед жүргізушісіне айыппұл салған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина