Алматы облысында жүк көліктері жантүршігерлік жол апатына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Салтарынан SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі мерт болды.
"Науқас ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Травматология бөлімінің дәрігерлері мен қан тамырлары хирургтары науқастың аяқ тұсына бірлескен операция жасады. Палатадағы операциядан кейін науқас алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды", - дейді дәрігерлер.
48 жастағы тағы бір жүргізушісі ауруханада жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, оның жағдайы орташа ауыр.
Полиция жол апатына қатысты тергеу бастады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!