Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖ министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 9:20-да Алматы облысында, Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол-көлік оқиғасы болып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар келіп түсті.
Гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолаушының денесін көлік салонынан алып шықты. Сағат 10:23-те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!