Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр

Алматы облысының полицейлері жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 10 желтоқсан күні түнгі сағат 01:00-де Алматы-Бішкек тасжолының 136-шақырымында болған еді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota автокөлігінің жүргізушісі Kia Optima көлігімен жанамалай соқтығысқан. Соққы салдарынан жеңіл автокөлік қарсы қозғалыс жолағына шығып, Volvo FH жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Еске салайық, бұл қайғылы жол апаты салдарынан Kia Optima жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тапты. Олардың барлығы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде Toyota көлігінің жүргізушісінің әрекеттерін мұқият зерттеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!