Алматы облысында полиция жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыс туралы хабарлама түскен бойда жедел басқару орталығының қызметкерлері күдіктілердің қозғалыс бағыты бойынша орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдауға кіріскен. ЖБО операторлары мен полицияның жедел бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қысқа мерзім ішінде қарақшылық шабуылға қатысы бар екі адам да анықталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқиғаның барлық мән-жайын толық зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова