- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жанармай...
Алматы облысында жанармай құю бекетінде болған өрт кезінде бір қызметкер зардап шекті
Алматы облысында жанармай құю бекетінде болған өрт кезінде бір қызметкер зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 19:22-де Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында операторлық автожанармай құю станциясының және жалпы көлемі 30 текше метрді құрайтын жақын маңдағы цистерналардың жанғаны туралы хабарлама түскен.
Шақыру орнына Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді.
"Өрт сағат 20:15-те 80 шаршы метр аумақта оқшауланып, сағат 21:41-де сөндірілді. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт орнына жақын орналасқан газ құю құю станциясына (30 метр қашықтықта), минимаркетке (10 метр) және тұрғын үй секторына (15 метр) оттың тарауына және жанармай құю цистерналарының жарылуына жол берілмеді.
Өрттің себебінен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жатқызудан бас тартты", - делінген хабарламада.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті 20 қызметкері мен 8 техникасы, аудандық полиция бөлімінің бес қызметкері мен екі техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының үш қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан