- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында жалған...
Алматы облысында жалған маркалы өнімдер тәркіленді
Алматы облысында жалған Toyota өнімдері тәркіленді. Заттар Алматы облысындағы сауда қоймасын тексеру барысында табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жеке кәсіпкер мен "А" ЖШС-нің (тауарларды көтерме сату) "TOYOTA" тауар белгісін (қапталған мотор майын, АКПП үшін сұйықтықты сату) заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Контрафактілік өнімдердің саны 520 дана (1 736 литр) жалпы сомасы 5 675 480 теңгені құрады", -делінген хабарламада.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Әділет министрлігінің, Алматы облысы және Алматы қаласы аумақтық әділет басқармаларының қызметкерлері Алматы облысының полиция департаментімен бірлесіп тауар таңбалары туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
"Жоспардан тыс тексеруге компанияның авторлық құқық иесінің өтініші негіз болды. Әділет органдары кінәлі тұлғаны ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына ( тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауардың шығарылған жерінің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.
Іс материалдары Алматы облысының Әділет департаментінде және жақын арада сотқа жіберіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы