Алматы облысында иесіз қалған ғимараттан сәби өлі табылды

Алматы облысында иесіз қалған ғимараттан сәби өлі табылды
Фото: pixabay.com

Алматы облысы Шелек ауылындағы иесіз қалған ғимараттан сәби өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәбидің өліміне оның анасы күдікті.

"Полиция жаңа туған нәрестені өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Іздестіру шаралары барысында баланың биологиялық анасы анықталды, ол қазір облыстық ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралы жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан