- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында есірткі...
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Алматы облысында полицейлер оныншы есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы тәртіп сақшылар Қарасай ауданының саяжай алаптарының бірінің аумағында анықтады. Үйдің ауласындағы гаражды тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға қажет реактивтер, контейнерлер мен басқа да заттар табылды. Сонымен қатар, күдіктінің жеке учаскесінде полиция 18 қарасора бұтасын қазып алды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Зертхана "синтетика" өндірісінің бастапқы сатысында жойылды. Есірткі өндірушіден 200 граммнан аса мефедрон және синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1,5 келіден аса прекурсорлар тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері он есірткі зертханасын жойды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова