- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында есірткі...
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті 22 наурызда жеке үйде орналасқан психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.
Осы құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі шетелдік ұсталды.
Тінту барысында 20 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 мың литр прекурсорлар мен «синтетика» жасауға арналған жабдықтар алынды.
Алдын ала табылған шикізат шетелден логистикалық компаниялар арқылы жасырын түрде жеткізілгені анықталды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеружүргізілуде.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина