Алматы іргесіндегі Қошмамбет ауылының он жасар оқушысы мектепте көз жұмды. Ешқашан ауырмаған, созылмалы сырқаты жоқ жасөспірімнің неден қайтыс болғаны әлі күнге дейін жұмбақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
Аяқасты "ішім ауырды" деген қыз сәлден кейін есін жоғалтып, бір сағатқа жетпей жан тапсырған. Ал мектеп ұжымы мен Жедел жәрдем өкілдері бірін-бірі айыптап әлек. Қан жұтып, қара жамылған отбасы әділдікті кімнен сұрарын білмей, зар илеп отыр.
Қаршадай қыздың не себепті жан тапсырғаны жұмбақ. Оқушының өлімін ешбір мекеме мойнына алмай отыр.
"Апайы хабарласты. "Тез жетпесеңіз болмайды" деді. Не болды деп едім, Мөлдір ұстамасы ұстап, құлап қалды" деді", - дейді Мөлдірдің апасы Гүлбахар Далдабайқызы.
Мөлдірдің кіші әкесі Талғат Қожадинов кінәлі адамдар жазасын алуы керек дейді.
"Бізге ақша да, көмек те керек емес. Тек медбике мен мектеп директоры жазаланса екен дейміз", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!