- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ерлі-зайыпты...
Алматы облысында ерлі-зайыпты асырап алған балаларын соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде Алматы облысының Іле ауданында ерлі-зайыпты асырап алған балаларын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы Полиция департаменті өкілі видеоға қатысты пікір білдірді. Ал балалар уақытша жергілікті балалар үйіне тапсырылған.
"27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері жиі ұрып-соғылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында көзделген дерек бойынша жиналған материал сот қарауына жіберілді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Балаларды одан әрі қамқорлыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова