Алматы облысында ер адамның асқазанынан қасық шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты.
Медициналық мекеменің хирург дәрігері Тахир Закірұлы Шкурәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайлардың диагностикасы рентгенографиялық қарауға, эндоскопиялық зерттеуге негізделген. Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эндоскопиялық алу қолданылды.
"Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сондай-ақ ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы, бұл өлімге әкелуі мүмкін", - деді Тахир Закірұлы.
Болжам бұл жағдайда заттың сипаттамасымен және медициналық көмек көрсетудің уақтылығымен айқындалады. Бүгінде ер адамның жағдайы жақсы және бөгде затты ол әдейі жұтпағанын айтқан. Ол дәрігерлерге аман алып қалғаны үшін алғыс айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!