Алматы облысында ер адам сыра ішуден бас тартқан балаға шабуыл жасаған

Алматы облысында ер адам сыра ішуден бас тартқан балаға шабуыл жасаған
Фото: Midjourney

Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында екі белгісіз ер адам 9 жастағы балаға шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар балаға "сыра ішіп, өздерімен бірге жүруді" ұсынған. Бала бас тартқаннан кейін олардың бірі оның басынан ұрып, киімін жыртып жіберген. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар балаға араша түсіп, ер адамды полиция келгенге дейін ұстап тұрған.

Алматы облысы ПД өкілі бұл оқиғаға қатысты бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Күдікті ұсталды, қазір уақытша бейімделу және детоксикация орталығында", – деді ведомство өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget