- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік қылмыс
Алматы облысында ер адам өз жұбын өртеп жібермек болды: әйел ауруханада жатыр
Әлеуметтік желіде Алматы облысының тұрғыны үйіне ішімдік ішіп алып, өзінің жұбына жанармай құйып, өртеп жібергені туралы ақпарат тарады. Полицейлер мұны растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай қатыгездікке ұрыс-керіс себеп болған. Беті күйіп қалған жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысының полиция департаменті ер адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департамент.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына келіп, өлтірмек болғаны хабарланды. Оқиға Қарасай ауданында болған. Ер адам әйеліне балғамен ауыр жарақаттар салған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан