- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ер...
Алматы облысында ер адам колонияға телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған
Алматы облысында ер адам колонияға телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды.
Телефонды шұжықтың ішіне жасырған ер адам оларды бандероль арқылы жіберді.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан MI телефоны тәркіленді.
"Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан