- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ер...
Алматы облысында ер адам жүкті әйелді ұрып құлатқан
Желіде белгісіз ер адамның жүкті әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы пайда болды. Оқиға Алматы облысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода әйелдің көшеде келе жатқаны, ер адамның скутермен жақындап, тоқтағаны көрінеді. Кейін олар сөйлеседі. Сосын жүргізуші әйелді бірнеше рет ұрып құлатады.
Бейнежазба сипаттамасында ер адамның бұрын сотты болған, ал әйел дәрігер екені және жүкті екені жазылған.
"Ол дүкеннен шығып жатқан, ер адам әйел көлігіне баратын жолын жапқан.Алдымен ауызша жанжал болды, кейін ер адам әйелді ұрып құлатты, әйел Есік орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - делінген сипаттамада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы облысының полиция департаменті 2023 жылғы 22 қазанда Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөліміне 37 жастағы әйел өзін көшеде ұрып-соққан ер адамға шара қолдануды сұрап арызданғанын хабарлады.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1975 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды, қазір бұл дерек бойынша барлық мән-жайды тергеудің толық, жан-жақты және объектив болуын қамтамасыз ету мақсатында сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған", - деп түсіндірді департамент өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек