- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысында ер...
Алматы облысында ер адам жолды кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырған
Алматы облысында ер адам темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жүк пойызына тас лақтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 мамыр күні Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адам тұрып қалғанын айтып, шұғыл транспортты тоқтатуға мәжбүр болғанын, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғаны туралы хабарлаған.
Пойыз 7 минут тұрып қалған. Сонымен қатар ер адам Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.
Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан