Алматы облысында ер адам итті көлігіне байлап, сүйреген

Алматы облысында ер адам итті көлігіне байлап, сүйреген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 27 тамызда Жандосово ауылында болған.

"Итті көлікке байлап, сүйреген. Ит тұншығып қала жаздады. Ер адамды тоқтатып, итті босатуын талап еттік. Адам емес. "Бастық осылай әкетуге бұйырды" дейді", - деп жазды видео авторы.

Алматы облысының полиция департаменті Қарасай ауданының полицейлері күдіктіні анықтап, ұстағанын хабарлады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы бап (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы) 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2024 жылы 443 мың теңге) айыппұл түрінде не түзеу жұмыстары түрінде, не қоғамдық жұмыстар түрінде 120 сағатқа дейінгі мерзімге не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жаза көздейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина