Алматы облысында ер адам интернет арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді

5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе терроризмді интернет желісі арқылы насихаттаған Алматы облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. 

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.
  
Ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!