Алматы облысы Қарасай ауданында ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны өлтірмек болған. Тіпті балғамен ауыр жарақаттар салған. Ауруханаға түскен әйел жергілікті блогерге оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушінің басы бірнеше жерден тігілген, қолы да сынған. Әйелді әріптестері құтқарып қалған.
Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан, бірақ мектеп директоры ер адамды оқу орнының ғимаратына кіргізбепті.
Алматы облыстық полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, сот санкциясымен ол екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адам қызды аяусыз ұрып тастағаны хабарланды. Кейін күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!