- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зорлық-зомбылық туралы
Алматы облысында ер адам әйелге бензин шашып, өртеген
Алматы облысында тағы бір жантүршігерлік оқиға болды. Полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бәйдібек ауылында ер адам бірге тұратын әйелімен ішімдік ішіп, кейін екеуі жанжалдасып қалған. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ер адам әйелге бензин құйып, өртеп жіберген.
Полиция тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған Алматы облыстық полиция департаментінің Massaget.kz-ке жауабында.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына келіп, өлтірмек болғаны хабарланды. Оқиға Қарасай ауданында болған. Ер адам әйеліне балғамен ауыр жарақаттар салған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова