- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- алматы облысы атыс
Алматы облысында ер адам атыс шығарды
Фото:
depositphotos.com
Алматы облысында ер адам тұрғындарға оқ жаудырды. Салдарынан 3 адам жараланды. Оқиға 27 қазанда Қонаев маңында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде малшы мас күйінде жолдастарына мылтықпен оқ атқаны туралы ақпарат пайда болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді, бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
"Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек