Алматы облысында еңбек демалысында жүрген полицей жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ Telegram-каналына сілтеме жасап.
7 ақпан күні Lada Priora автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі Сарыбастау-Үлгілі автожолының 10-шақырымында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Үшқоңыр ауылының 22 жастағы тұрғыны айдап келе жатқан Ladа-мен соқтығысқан.
Алған жарақаттарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды.
"Дерек бойынша Жамбыл ауданы полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ.
Ladа көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарасай ауданы полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол кезекті еңбек демалысында болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!